03 мамыр 2024 09:51

Астанада жылу қайта қосыла ма? Қала әкімі жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, бірақ күн қайта суытып, 1 мамырда қар жауды. Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесуінде қалада жылу қайта қосыла ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің жауабынан белгілі болғандай, ЖЭО-ны ешкім іске қоспайды, сәл шыдамдылық таныту керек.

"Келесі аптада 20 градусқа дейін жылы болады деп күтіп отырмыз, несіне жылуды қайта қосамыз? Бір апта бұрын жылуды өшіру туралы осындай өтініштер болған. Біздегі ауа райы осындай енді", - деді әкім Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

"Астаналықтар пәтерінде суыққа үйренуі керек пе?" деген сұраққа Қасымбек "Жоқ, үйренгенде қалай, сыртта 20 градус жылы болған кезде біз жылуды қоса алмаймыз" деп жауап берді.

Еске салайық, Астанада 19 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылды. Бірнеше күн жылы болғанымен, Астанада күн күрт суып, 1 мамырда қар жауа бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети