14 мамыр 2024 14:13

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жанжал: үкім өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: uww.asia, видео кадры Фото: uww.asia, видео кадры

Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жоғарғы сотта Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың қазанында Алматы әскери соты депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына үкім шығарды. Оған алматылық заңгер ерлі-зайыпты Олег Чернов пен Анна Дмитриевичті ұрды деп айып тағылған болатын.

Сол кезде сот 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл тағайындаған болатын. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсына 500 мыңнан моральдық зиян сомасы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1 600 000 теңге сомасында шығыс өндірілген.

"Апелляциялық инстанция сот үкімін өзгертті, Болат Н.-дан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкіл қызметіне 400 000 теңге төлеуге кеткен шығын өндірілді", - деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің арызы бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертті, Болат Н.-ға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және моральдық шығынды өтеу мөлшері әрқайсы үшін бір миллион теңгеге дейін ұлғайтылды", - деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

Осылайша, Жоғарғы сот істі қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертіп, айыппұл түріндегі жаза күшін жойып, бас бостандығын шектеуді белгіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 453.06   490.7   5.12 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети