04 мамыр 2024 16:09

Доллар бағамы 2,5 теңгеге арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

4 мамырдағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


4 мамырдағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге төмендеп, 441,66 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 4 мамырдағы ресми бағамы - 444,14 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 442,19 теңгеге, сатылымы 443,48 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 440,13 теңгеден сатып алынып, 445,14 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 3 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге көтеріліп, 444,14 теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети