03 мамыр 2024 09:30

Синоптиктер Алматы мен тағы 11 облыс тұрғындарына ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен еліміздің тағы 11 өңірінің тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Алматы мен еліміздің тағы 11 өңірінің тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 3 мамырда Алматы қаласында түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 1-6 градус аяз күтіледі.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, солтүстігінде, шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, батысында, Қызылорданың орталығында, Қарағандының солтүстігінде, Түркістанның оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, Ұлытау обылысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети