Тұрғындардың талабы орындалды: Бозарыққа автобустар кешікпей қатынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын халықпен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап келеді. Есеп беру кездесулерінде қозғалған барлық мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігінше жедел түрде шешіліп жатыр.

Мәселен, Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Бозарық тұрғын алабы мен саяжайына қатынайтын қоғамдық көліктердің мәселесі қозғалған болатын. М.Әйтенов аудан әкімдігі мен тиісті басқармаға қоғамдық көліктің бағытын әзірлеу барысында тұрғындардың талабын ескеру туралы нақты тапсырма берді.
Бүгінде қала әкімінің бұл тапсырмасы толығымен орындалған. Тиісті мекемелер зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 171 және 171А бағыттарында автобустардың жеткіліксіз екенін анықтаған. Нәтижесінде аталған бағыттардың әрқайсысына бір-бір автобустан қосылды. Қазір бұл бағыттағы қоғамдық көліктің қатынау жиілігі 18-20 минутты құрайды.

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети