25 қаңтар 2024 12:36

6 жастағы алматылық қыздың жұмбақ өлімі: сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/larikovigor Фото:facebook.com/larikovigor

Алматыда алты жастағы Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда алты жастағы Лиза Пылаеваның өліміне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Істі судья Бақытжан Бәкірбаев қарап жатыр.

Сот ісі бойынша үш айыпталушы бар - Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Уктаб Махмудов. Іс ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы ("Адам өлтіру"), 420-бабы 2-бөлігі ("Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма"), 432-бабы ("Қылмысты жасыру") бойынша қаралып жатыр.

Елизавета Пылаеваның 2019 жылғы 12 мамырда жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабрланған еді. Қыздың әкесі Александр Пылаев анасы Марина Рыжаковадан ажырасқан. Оның айтуынша, 9 мамырдан бастап бала анасының жанында болған. Үш күннен кейін Александр қызы ауруханада жатқанын естіген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети