17 қаңтар 2024 09:20

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Tengrinews.kz Коллаж: Tengrinews.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс "Аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша тергелген еді.

Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша істі болып отыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети