26 қазан 2022 09:42

Алматыда үш бала белгісіз жағдайда жоғалып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір отбасының үш баласы белгісіз жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда бір отбасының үш баласы белгісіз жағдайда жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Балалар 25 қазанда таңертең сағат 10:00 шамасында жоғалып кеткені хабарланды. Соңғы рет оларды Алматыдағы "Думан" ықшамауданында көргендер бары айтылды. Бірақ балалар Алматы облысының Талғар ауданына қарасты көршілес Бесағаш ауылында тұрады.

Жоғалған балалардың әкесі Жанболаттың айтуынша, Арман, Иманғали және Ақеркені соңғы рет Думан ықшамауданындағы дүкеннен бәліш сатып алып тұрған жерінде байқағандар бар. Содан бері оларды ешкім көрмеген. Ақерке қызыл күртеше киген, ал ұлдар қара түсті. Олардың телефоны жоқ.

Алматы облысының полицейлері ақпаратты растады. Тәртіп сақшылары толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети