26 наурыз 2024 17:28

Сарбаздарды орындық және таяқпен ұрған: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды орындық және таяқпен ұрған ақтаулық командирге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды орындық және таяқпен ұрған ақтаулық командирге қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы тамызда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билікті асыра пайдалану оқиғасы анықталған болатын. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімі бойынша, тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған.

"Қазақстан Республикасы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін "Диапазон" басылымы Ақтауда командир әскерге шақырылған сарбаздың басынан орындықпен ұрғанын жазған болатын. Сондай-ақ, ол әскерге шақырылғандардың басынан таяқпен ұрған. Нәтижесінде 25744 әскери бөлімінің әскери қызметкеріне қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылғаны айтылған. 2-шабуылдаушы батальон миномет батареясының 1 взвод командирінің қылмыстық ісінде бірнеше эпизод болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети