29 сәуір 2024 16:15

Ақтөбе облысындағы су тасқынынан кейін тас жолдардың бірі "мина алаңына" айналған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: @aqtobe_sergek Фото: @aqtobe_sergek

Әлеуметтік желіде "Ембі-Мұғалжар" тасжолында көлік жүргізушілерінің бірі түсірген видео тарады. Кадрларда шұңқырлар анық көрінеді, ал жолдың өзі "мина алаңына" ұқсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде "Ембі-Мұғалжар" тасжолында көлік жүргізушілерінің бірі түсірген видео тарады. Кадрларда шұңқырлар анық көрінеді, ал жолдың өзі "мина алаңына" ұқсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" филиалы мәліметінше, бұл тасқын салдарынан 60 тоннаға дейін инертті материалдарды тасымалдауға мәжбүр болған ауыр жүк көліктері жүктемесіне жолдың төтеп бере алмауынан пайда болған.

"Қазіргі уақытта "Қандыағаш – Ембі – Мұғалжар" ЖШС операциялық мекемесі жолдың шұңқырларын жою, жол жиегі мен жол жиектерін профильдеу, шұңқырларды инертті материалдармен толтыру және жол жамылғысын тегістеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алайда соңғы жылдары Қандыағаш - Ақтөбе бағыты бойынша Мұғалжар тауынан ауыр жүк көліктерімен инертті материалдарды тасымалдаудың көбеюіне байланысты бұзылулар күннен күнге пайда болып жатыр, бұл оларды толығымен жоюға мүмкіндік бермейді", - деп хабарлады Ұлттық компания.

Сондай-ақ, жолшылар биыл Шалқар – Ембі бағытында 75 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети