14 сәуір 2023 18:13

Астана әкімі құрылысы аяқталмай тұрған нысандарға қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қалада үлестік құрылыстың барлық проблемалық нысандары тапсырылуы тиіс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қалада үлестік құрылыстың барлық проблемалық нысандары тапсырылуы тиіс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл үлестік құрылыс нысандарының барлығын тапсыруға міндеттіміз. Бірақ олар қабылдайтындай күйде болуы керек", - деді әкім елорда тұрғындарының сауалына жауап бере отырып.

Әкімдік мәліметінше, әңгіме биылғы жылы шешімін табуы жоспарланған 30-дан аса тұрғын үй кешені туралы болып отыр. Жалпы, 2019 жылдың жазынан бері елордада 150-ден аса тұрғын үй кешенінің 120-сы пайдалануға берілді.

"Бұл проблемалық үйлер бірінші жыл емес, 10-15 жыл бойы салынып жатыр. Қазір апта сайын баруым керек, өйткені жаңа мәселелер анықталып жатыр. Сондықтан, сіздермен жұмысты жалғастырамыз", - деп уәде берді Жеңіс Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.72   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети