21 маусым 2023 12:01

Астанадағы ЖЭО-3 құрылысы кезінде заңбұзушылықтар анықталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Наталья Годунова жылумен қамту саласына және тасымалдау нысандарына аударылған қаражатты мақсатты пайдалануын тексерген аудитінің қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Наталья Годунова жылумен қамту саласына және тасымалдау нысандарына аударылған қаражатты мақсатты пайдалануын тексерген аудитінің қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Годунованың айтуынша, қаржыландыру болған күннің өзінде жылумен қамту нысандары мен басқа да инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына мердігерлердің сапасыз жобаланбауы мен келісім-шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы кедергі келтіріп отыр.

"Мәселен, Астана қаласындағы ЖЭО-3 құрылысының жобасы 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және тексеру кезінде жұмыстың 83 пайызының орнына 64 пайызы ғана орындалған. Бұл ретте жобаның құны 40 пайызға қымбаттады", - деді Жоғарғы есеп палатасының төрағасы.

Годунованың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен, 178 миллиард теңгеге жеті жоба бойынша құрылыспен және іске қосу-жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялардың, оның ішінде жоғарыда аталған ЖЭО-3 жобасы бойынша үлестестігі туралы мәлімдеді. Бұл деректі есеп комитеті 2017 жылы тіркеген.

Наталья Годунова елордадағы басқа жобалардың құрылыс мерзімінің бұзылғанын да мәлімдеді.

"Мысалы, Астана қаласының "ЖЭО-2 кеңейту" жобасының мерзімі 7,5 жылға есептелген. Бұл нысанды қайта құру 2009 жылдан бері жүргізіліп, 2016 жылы аяқталуы тиіс болатын. Барлық ұзартуды ескере отырып, осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 13 жылдан астам уақыт өткенде", - деді Наталья Годунова.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Астана әкімдігіне 2023 жылдың соңына дейін ЖЭО-3-тің бірінші кезегін пайдалануға беріп, газ қазандықтарының құрылысын аяқтауы керек деген болатын.

Елорданың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов өз кезегінде мердігердің жұмысты уақытында аяқтамағанын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети