12 қазан 2022 12:17

Депутат Қазақстаннан капитал шығаруға қатысты сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев АХҚО-да криптовалюта экожүйесін құру елден капитал шығаруды күшейтеді деп алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев АХҚО-да криптовалюта экожүйесін құру елден капитал шығаруды күшейтеді деп алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс цифрлық активтер туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына сәйкес, майнерлер Қазақстан экономикасының толыққанды қатысушысына айналады.

"АХҚО-ны Қазақстан аумағындағы оффшорлық аймақ деп жиі атайды. Онда криптовалюта экожүйесін құру арқылы елден капитал шығаруды ұлғайтып әрі жеңілдетіп жібермейміз бе?", - деді Мәжіліс отырысында Данияр Әлімбаев.

Депутат Екатерина Смышляева дәл осы салада реттеудің болмауы салдарынан қазір айырбас ағыны сұр аймаққа түсіп, ал елде капитал шығару және кірістерді жылыстату өркендеп бара жатқанын атап өтті.

"Заң жобасының мақсаты осы рәсімдерді кем дегенде ішінара ақтау, сонда бөлшек инвесторларымызды, таза капиталы бар лайықты инвесторларды қара алмастырғыштарға немесе кейбір заңсыз криптовалюталарға қатысумен байланысты тәуекелдерден қорғаймыз. Олар қазақстандық криптобиржада ашық мәмілелер жасай алады.

Ал қылмыстық аймақтағылармен тиісті органдар күреседі. Біз мұны заң жобасында қарастырдық", - деді Смышляева.

Ол АХҚО-да ақшаны жылыстатуға қарсы күресті қарастыратын ережелер бар деп сендірді.

"Криптобиржаларында күдікті транзакциялар, қолайлы көлемдегі транзакциялар туралы ақпарат беруге нақты міндеттер жүктелген. Сонымен қатар, олар қаржылық мониторинг субъектілері саналады, сондықтан бұл жерде, керісінше, нарықтың "ақталуын" күтеміз", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети