25 қаңтар 2024 13:05

Еңбек министрлігі жаңа әлеуметтік көмек туралы хабарламаға қатысты жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізгені туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.

"Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети