04 ақпан 2022 13:42

"Қазақстан халқына" қорына қаржы аударғандар тізімі жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор сайтында Қазақстан халқына көмектескісі келетіндер қор шотына қаражат аудара алатыны, ол халықтың игілігі үшін жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталатыны айтылды.

Заңды тұлғалар арасында ең көп сома аударғандар:

  • Eurasian Resources Group (ERG) - 30 миллиард теңге;
  • "HALYK Қайырымдылық қоры" ЖҚ - 12 миллиард теңге;
  • Kaspi Bank - 7 миллиард теңге және "Kaspi дүкен" ЖШС - 3 миллиард теңге;
  • Altyntau Kokshetau - 6,47 миллиард теңге;
  • KAZ Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге;
  • KAZ Minerals Bozshakol - 6,2 миллиард теңге;
  • "Қазмырыш" - 5,855 миллиард теңге;
  • Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге;
  • "Шығыстүстімет" - 3,1 миллиард теңге;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" - 3 миллиард теңге;
  • "КаР-Тел" ЖШС - 2 миллиард теңге.

Компаниялардан басқа қорға жеке тұлғалар да ақша аударды. Ең көп сома аударғандар:

  • Болат Өтемұратов - 10 миллиард теңге;
  • Данияр Әбілғазин - 500 миллион теңге;
  • Яков Цхай - 500 миллион теңге;
  • Тимур Турлов - 500 миллион теңге;
  • Диас Сүлейменов - 450 миллион теңге;
  • Дінмұхамет Ыдырысов - 300 миллион теңге.

Толық тізіммен сайтта танысуға болады.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына қазақстандықтардан қанша ақша түскені хабарланған болатын. 

Ал 1 ақпанда бірқатар қазақстандық компаниядан "Қазақстан халқына" қорына 16 миллиард теңге түскен болатын. 

3 ақпанда қор қаржысы 1,2 миллиард теңгемен толықты.

Еске салайық, қор 2022 жылы қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Қордың негізгі мақсаты - мұқтаждарға, зардап шеккендерге көмек көрсету, гуманитарлық бағыттарды дамыту.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети