06 мамыр 2024 17:03

Қазақстанда доллар бағамы 440 теңгеден төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 6 мамырдағы доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 6 мамырдағы доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,15 теңгеге төмендеп, 439,43 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 мамырдағы ресми бағамы - 441,66 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 439,99 теңгеге, сатылымы 441,32 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,01 теңгеден сатып алынып, 443,99 теңгеден сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 4 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге төмендеп, 441,66 теңге болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети