05 шілде 2023 10:17

Колледж түлектеріне QR-коды бар дипломдар беріле бастады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Білім министрлігінің баспасөз қызметі Фото Білім министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандағы колледждерде QR-коды бар диплом беріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.


Қазақстандағы колледждерде QR-коды бар диплом беріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, QR-код енгізу жалған дипломдардан сақтап, жұмыс берушілер түпнұсқалығын тексере алады.

"QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол мемлекеттік веб-ресурсқа сілтеме береді, онда меншік иесі, оқу орны және мемлекеттік ұлттық білім беру деректер базасынан құжаттың деректемелері көрсетіледі. QR-код бітірушінің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі ақпаратты қамтиды. Бітірушінің толық аты-жөні, ұйымның атауы, оқуға түскен және бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқу нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі көрсетіледі", - деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 6 шілдесінен бастап өткен жылы берілген техникалық және кәсіптік "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде және eGov мобильді қосымшасында цифрлық құжаттар сервисі арқылы, сондай-ақ интеграция болған кезде екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы жеке куәлікпен жүргізуші куәліктеріне ұқсас цифрлық форматта қолжетімді болады. Түлектерге EGOV Mobile қосымшасы арқылы QR-код бойынша цифрлық дипломға қол жеткізуге немесе қолжетімді ақпаратты ұйымдар мен жеке тұлғаларға цифрлық түрде беруге мүмкіндік берілді. Мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге диплом беру кезінде қолданылады.

Биыл барлығы 140 мыңнан астам колледж түлегі QR-коды бар диплом алады.

Еске салайық, дипломдар мен сертификаттар Қазақстанда QR-коды арқылы берілетінін, 2022 жылдың қарашасында ведомство хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети