26 ақпан 2024 12:51

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов; Әлеуметтік желіден алынған сурет Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов; Әлеуметтік желіден алынған сурет

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс Астана сотына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс Астана сотына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаны туралы ақпарат пайда болды.

Айта кетейік, 16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети