13 сәуір 2023 09:33

"Олар да сондай, тіпті одан да жаман". Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ның жаңа иелері туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ақпарат орталығы Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов биыл қыркүйекте Риддердегі ЖЭО жұмысы қалыпқа келтірілетініне уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов биыл қыркүйекте Риддердегі ЖЭО жұмысы қалыпқа келтірілетініне уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы жергілікті журналистермен кездесуде айтты. Даниал Ахметов жылу орталығы жаңа қожайындарының іс-әрекетінде нақты не қанағаттандырмағанына да жауап берді.

"Бұл компанияның қарызы 3,3 миллиард теңге. Олар жарық үшін де, зауыт үшін де, мазут үшін де төлемейді, жұмысшыларға жалақы бермейді - олар мүлдем ештеңе жасамайды. ЖЭО-ның бұрынғы иелері де төлемеген. Біз қазіргілердің ар-ұжданы болар деп күттік, бірақ олар да сондай, тіпті одан да жаман", - деді Даниал Ахметов.

Бүгінде жылу электр орталығына көмір жеткізуді Өскеменнің жылу желілері жүзеге асырады, олар мазутпен де қамтамасыз етеді. Қаланы жылумен қамту үшін алдын ала төлем жасалған.

"Сотқа 2,7 миллиард теңгеге талап-арыз бердік. Заң талабына сай шараларды жалғастырамыз. Бар берешек есебінен ЖЭО мүлкіне тыйым салынды, ол коммуналдық меншікке өтеді. Қыркүйектің ортасына қарай станцияны қалыпты жағдайға келтіретінімізге сенімдімін", - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорынға басшылар мен инженерлік кадрлар іріктеліп жатыр. Ахметовтің айтуынша, билік ЖЭО-ны басқаруды өз қолына алған, оның үстіне, жылу орталығы көмірмен және мазутпен қамтамасыз етілген, жылу үшін аванстық төлем бар, ақпан бойынша қызметкерлерге жалақы қарызы жабылған.

Аймақ басшысы жағдайды шынайы бағалайтынын және жаңа жылу беру маусымының басталуына аз ғана уақыт қалғанын түсінетінін, сондықтан ЖЭО-ны жөндеу үшін қауырт жұмыс істеуге тура келетінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети