07 желтоқсан 2023 12:38

Тоқаев Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, "жасыл" экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети