15 мамыр 2023 11:15

Ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарға өзгерістер енгізілмек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспанның айтуынша, заң жобасының мақсаты - ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Заң жобасы екі кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

"Әскери-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын стратегиялық объектілерге жатқызу және қорғаныс және қауіпсіздік қажеттіліктері үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға көмектесетін нормаларды енгізу көзделеді", - делінген заң жобасының қорытындысында.

Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін мемлекеттік шекара объектілерін салу, жайластыру және олардың жұмыс істеуі және қорғаныс мұқтаждары үшін босалқы жерлерге ауыстыру мүмкіндігі беріледі.

"Заң жобасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарына жеке құрамды патриоттық, адамгершілік-рухани тәрбиелеуге және ұлттық қауіпсіздік органдарында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру жүктелген. Ұлттық қауіпсіздік органдарына тәртіп стандартын және шекара қызметінің әскери қызметшісінің шекаралық бақылау кезінде мінез-құлық стандартын енгізу ұсынылды", - деді депутат.

Айта кетейік, заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети