24 қаңтар 2014 14:18

2022 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдауға Алматының мүмкіндігі мол - Чинг-Куо ВУ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болып табылатын Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АІВА) президенті Чинг-Куо Ву мырза 2022 жылы қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарын қабылдауға Алматы қаласының мүмкіндігі өте зор деп санайды. Бұл туралы Insidethegames.biz сайтына сүйенген Tengrinews.kz тілшісі хабарлады. "Қазақстан бұған дейін де әлемдік деңгейдегі ірі додаларды қабылдаған. Мәселен, 2011 жылы дүркіретіп тұрып Ақ Азия ойындарын өткізді. Ал 2017 жылы қысқы Универсиада ойындарын ұйымдастырмақ. Сондықтан, бұл елде Олимпиаданы өткізетін ақша да бар, тәжірибе мен жанкүйерлері де жеткілікті", - деп келтірді Ву мырзаның сөзін Insidethegames.biz сайты. Дегенмен, Чинг-Куо Ву мырзаның пікірінше, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізуден Қытайдың астанасы Бейжіңнің де мүмкіндігі мол. Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі екі қаланың да амбициясы зор екендігін айта келіп, екеуі де дүбірлі доданы дүркіретіп тұрып өткізе алатынына сенім білдірді. Бұған дейін хабарланғандай, қаржы тапшылығына байланысты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаудан өз кандидатурасын Швеция астанасы Стокголь алып тастаған болатын. Аталмыш басылымның жазуынша, Алматы мен Бейжің қалалары басқа үміткерлерден жоғары тұр. Алайда, Алматы мен Бейжің шаһарларынан бөлек, 2022 жылғы дүбірлі доданы өз жерінде өткізуге Краков, Львов және Осло қалалары да өтініш білдірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети