13 шілде 2014 11:35

ӘЧ-2014: Голландия қола жүлдегер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен кездесуде Голландия құрамасы Бразилияны жеңді, деп хабарлайды  Vesti.kz.


Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен кездесуде Голландия құрамасы Бразилияны жеңді, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Бразилияның Ұлттық стадионында үшінші орын үшін өткен кездесу 3:0 есебімен Голландия құрамасының пайдасына аяқталды. Кездесудегі есепті мачтың үшінші минутында Робин ван Перси ашты. Ал 17-минутта Дэйли Блинд есепті еселесе, ойынға төреші қосқан  қосымша уақытта Джорджиньо Вейналдум нүкте қойып, есепті 3:0-ге жеткізді. 

Реттік саны бойынша ХХ рет өтіп жатқан әлем чемпионатының финалдық кездесуі 14 шілде күні Астана уақытымен 01.00-де басталады. Бразилияның "Маракана" стадионында өтетін бұл ойында Аргентина құрамасы Германиямен күш сынасады. ӘЧ-2014 жартылай финалының алғашқы матчында немістер алаң иелері бразилиялықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтса, аргентиналықтар Сан-Паулу алаңында нидерландылықтарды жеңіп, финалға шықты. Бұл ойынның негізгі және қосымша уақытында екі команда да гол соға алмағандықтан жеңімпаз пенальти сериясымен анықталды. Нәтижесінде 4:2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.

12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети