10 мамыр 2014 15:04

Александр Емельяненкоға айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Емельяненко. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Александр Емельяненко. Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Атақты ресейлік спортшы Александр Емельяненкоға зорлық-зомбылық көрсетті және төлқұжатты ұрлады деген айып тағылып отыр деп хабарлайды Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz .


Атақты ресейлік спортшы Александр Емельяненкоға зорлық-зомбылық көрсетті және төлқұжатты ұрлады деген айып тағылып отыр деп хабарлайды Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің ресми сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz .

"Қазір одан сұрақ-жауаптар алынып, айып тағылды. Сондай-ақ тергеу қызметі сотқа қамауға алу арқылы Емельяненкоға қатысты жүріс-тұрысын шектеу шараларын тағайындау туралы өтініш жолдады. Қылмыстық іс бойынша тексеру әлі де жалғасуда" делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Сондай-ақ Ресейдің Тергеу комитеті 2014 жылдың 9 мамырында Тамбов қаласында Александр Емельяненко жол-көлік апатының себепкері болғанын атап өтеді. Осы арадан құқық қорғау органы қызметкерлері оны Мәскеуге жеткізіп, Ресейдің тергеу комитетіне әкеліп өткізген.

Ресейдің тергеу комитетіндегілердің айтуынша, 2014 жылдың 3 наурызында Мәскеу қаласының Пересветов даңғылының бір үйінде Емельяненко пәтерін жиыстыруға келген келіншекті зорлап, сексуальдық қатынасқа мәжбүрлеген, одан кейін ол жәбірленушінің сөмкесіндегі төлқұжатты жымқырып қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети