02 қараша 2015 18:12

Александр Винокуров Шымкент қаласының әкіміне велосипед сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметі © Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметі

Шымкентте Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Зүлфия Забирова мен Серік Сапиевтің қатысуымен қайырыдылық велошеруі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте Олимпиада чемпиондары Александр Винокуров, Зүлфия Забирова мен Серік Сапиевтің қатысуымен қайырыдылық велошеруі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық №2 спорт мектебінде өткен жиында даңықты спорт шебері шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовқа бағалы велосипед сыйлады. 


© Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметі

Жаңбырлы және суық ауа райына қарамастан велошеруге 100-ден астам адам қатысты. Салауатты өмір салтын ұстанатын жандарды қала әкімі Ғабидолла Әбдірахвмовтың өзі шығарып салды. Шеру жолы "Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйінен басталып, сонда аяқталды. Яғни, қатысушылар осы жерден шығып, Наурыз алаңына барып, қайтып келді. Жолдың жалпы қашықтығы - 15 шақырым. "Біз осы қайырымдылық қорын ұйымдастыруды ойлап, Шымкенттегі достарымызға хабарластық. Ал олар қалалық әкімдікпен байланыстырып, енді, міне, шеруді ұйымдастырып отырмыз. Бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын", - деді Александр Винокуров.


© Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметі

Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің мәліметінше, велошеру аяқталған соң ұйымдастырушылар велосипедшілерді түрлі номинациямен марапаттады. Оның ішінде ең жас және ең қарт қатысушы да бар. Одан кейін "Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйінде қайырымдылық аукционы өтті. Зүлфия Забированың қолтаңбасы бар веложейдесі 50 000 теңгеге, ал Александр Винокуровтың Лондондағы Олимпиаданы жеңіп алған сәтіндегі жейдесі 120 000 теңгеге сатылды. Олимпиада чемпионы, "Астана Арланс" командасының жетекшісі Серік Сәпиевтің қолтаңбасы бар бокс қолғабын шымкенттік тұрғын 150 мың теңгеге сатып алды.

Ал, "Вуэльта Испания - 2015" велокөпкүндігінің жеңімпазы, "Астана" командасының шабандозы Фабио Арудың жейдесі 90 000 теңгеге өз иесін тапты. Соңында электр моторы бар, бір данамен шығарылған велосипедті спортқа жаны құмар жандардың бірі 900 000 мың теңгеге сатып алса, Александр Винокуровтың өз атынан шығарылған, бірегей VINO карбон велосипеді бәссаудада 1 650 000 теңгеге сатылды.


© Шымкент қаласы әкім аппаратының баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылар осы қайырымдылық аукционында жиналған 4 миллион теңгеге жуық қаржының Қазақстандағы велоспорты мектептеріне велосипедтер мен керек-жарақ сатып алуға жұмсалатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети