29 қараша 2016 14:16

Алексей Ни мен үшін әке де, ана да, ұстаз да, дос та болып қала береді - Подобедова

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова Алексей Нидің бас бапкер қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова Алексей Нидің бас бапкер қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Светлана Подобедова Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында  ұстазының ауыр атлетикада бас бапкер қызметін әлі де болса жалғастыратынына сенімін білдірді. Сондай-ақ, қазақстандық ауыр атлет оның командада жеткен жетістіктерін атап өтті. Спортшының айтуынша, Алексей Ни ол үшін әке де, ана да, ұстаз да, дос та болып қала бермек.

"Алексей Геннадьевичтың Қазақстандағы ауыр атлетикада маңызды орын алатыны сөзсіз. Алексей Нидің бас бапкер қызметінен кетуі оның жалпы ауыр атлетикадан кететінін білдірмейді деп сенемін. Біздің спорт осындай мамандардың арқасында дамып жатыр. Мен оның отставкаға кету туралы шешіміне баға берейін деп отырған жоқпын. Тек бір жайтты айтқым келеді - ол мен үшін ауыр атлетикадағы үздік маман болып қала береді. Кез келген спортшы бапкерінің арқасында жеңіске жетіп отырады ғой. Ауыр атлетика қиындау. Себебі спортшы шығып, белгілі бір салмақты көтереді. Ал бапкері болса, оны тек қолдайды, жеңіске жетуіне тілектес болады", - деді Светлана Подобедова.

Сондай-ақ, ол Алексей Нидің бірінші күннен-ақ оның ұстазы болғанын айтты. "Сен өз еліңнің атынан өнер көрсеткенде, барлық бос уақытынды спортқа арнайсың. Зілтемір спортшының туыстары мен достарының орнын басады. Күнде көріп жүретін адамдарың - сенің командаң мен бапкерің. Бапкер сенің әкең де, анаң да, ұстазың да, досың да болады. Алексей Геннадьевич те мен үшін осындай адам болып қала бермек", - деді спортшы.

Еске салайық, бапкер бұл қызметке 1994 жылы келген еді. Ол бапкер боп тұрғанда алты Олимпиадаға және 15 әлем чемпионатына қатысты, сондай-ақ Азия ойындары мен Азия чемпионаттары бар.

25 қарашада Алексей Ни ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети