10 мамыр 2014 12:16

Әлем біріншілігіне қатысатын Бразилия құрамасы жасақталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: www.torcida.com.ru Сурет: www.torcida.com.ru

Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері Филиппе Сколари бір айдан кейін басталатын әлем чемпионатына қатысатын 23 футболшының есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері Филиппе Сколари бір айдан кейін басталатын әлем чемпионатына қатысатын 23 футболшының есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сколаридің бұл тізіміне итальяндық "Милан" командасының жартылай қорғаушысы Кака мен Робиньо енбеген. Бразилияның толық құрамасы мынадай: 

Қақпашылар – Жулиу Сезар («Торонто», Канада), Джефферсон («Ботафого»), Витор («Атлетику Минейру»);

Қорғаушылар – Данте («Бавария», Германия), Давид Луиз («Челси», Англия), Тиагу Силва («ПСЖ», Франция), Энрике («Наполи», Италия), Дани Алвес («Барселона», Испания), Майкон («Рома», Италия), Марселу («Реал», Испания), Максвелл («ПСЖ», Франция);

Жартылай қорғаушылар – Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Эрнанес («Интер», Италия), Луиз Густаву («Вольфсбург», Германия), Паулинью («Тоттенхэм», Англия), Оскар, Рамирес, Виллиан (бәрі – «Челси», Англия);

Шабуылшылар – Бернард («Шахтер», Украина), Фред («Флуминенсе»), Халк («Зенит», Ресей), Жо («Атлетику Минейру»), Неймар («Барселона», Испания).

Айта кетейік, 32 команда қатысатын футболдан әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Алғашқы матч Сан-Паулуда, ал финал Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети