06 қараша 2014 12:13

"Алматы-марафон" дайындығы аясында "Күзгі жүгіру" болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

"Алматы-марафонға" дайындық аясында Алматыда "Күзгі жүгіру" болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шара 22 қараша күні Ботаникалық бақта өтеді.


"Алматы-марафонға" дайындық аясында Алматыда "Күзгі жүгіру" болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шара 22 қараша күні Ботаникалық бақта өтеді.

Жүгіруге қатысушыларға екі қашықтық ұсынылады: екі шақырым (10-14 жас аралығындағы спортшылар үшін) және 10 шақырым (15-тен асқандар үшін). 10 шақырым қашықтықта жас шамасы бойынша үш топ жарысады: 15-34 жас аралығындағылар, 35-49 жас аралығындағы адамдар және 50 және одан жоғары жастағылар. "Алматы-марафонды" ұйымдастырушылар әр санат бойынша жеңімпаз атанғандарға медальдер мен бағалы сыйлықтар беріледі.

"Алматы-марафоны" ұранымен өтетін шаралардың бәрі бір негізгі мақсатты көздейді: оңтүстік астанада салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау. "Күзгі жүгіру" де - сондай шараның бірі. Келешекте біз аралық жүгірістерді тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай жарыстар "Алматы-марафонға" дайындық кезеңдері үшін пайдалы болады деп үміттенеміз", - деп хабарлады ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева.

Шараға қатысу үшін регламентімен танысып, тіркеу формасын толтыру және оны ұйымдастыру комитетіне жолдау қажет. Бұл туралы толығырақ "Алматы-марафон" сайтынан және әлеуметтік желілерден білуге болады. Жүгіруге тіркеу 19 қараша күні аяқталады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети