03 наурыз 2015 14:56

"Алматы Марафоны" ҚР Президенті сайлауымен бір күнде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы дәстүрлі түрде өтетін халықаралық "Алматы Марафонына" кедергі келтірмейді, - деп хабарлайды Vesti.kz марафонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы дәстүрлі түрде өтетін халықаралық "Алматы Марафонына" кедергі келтірмейді, - деп хабарлайды Vesti.kz марафонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осымен төртінші мәрте өтетін қайырымдылық марафонына дайындық жұмыстары жарты жылдан астам уақыттан бері жүргізіліп жатыр. Бұл жолы марафонға шамамен 15 мың адам қатыспақшы, қазақстандықтардан бөлек, шараға АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Колумбия, Қытай және басқа да елдерден желаяқтар қосылады. 

"Өзіміз өткізетін шарадан біз алматылықтардың арасында салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып жатқандардың саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. "Алматы Марафоны" біздің қаланың салтанатты рәсіміне айналды! Осы жылы марафон Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауымен бір күнде өтеді. 26 сәуірде қаламыз үшін екі бірдей мереке болады. "Алматы Марафоны" ұйымдастыру комитетінің өкілдері осы күні жүгіретіндерді сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырады! Сәуірде біз мәреге жақын сайлау пункттерін хабарлайтын боламыз, себебі жүгіретін адамдар дауыс беру уақытын алдын ала жоспарлап алуы керек", - деді "Алматы Марафоны" ұйымдастыру комитетінің өкілі Салтанат Қазыбаева.

IV "Алматы Марафоны" қайырымдылық шарасының 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетіні күні бұрын белгіленген еді. Қатысушылар 42 шақырым 195 метр қашықтықты жүгіріп шығуы керек. Мұның алдында "Алматы Марафоны" ұйымдастырушылары жарысқа қатысқысы келетін адамдар үшін қалалық фитнес-клубқа төрт абонементті ұтысқа салды. Осылайша бұрын спортқа көңіл бөлмей келген қала тұрғындарына ірі спорттық шараға тегін дайындалуға мүмкіндік берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети