22 тамыз 2014 20:35

Алматыда Street workout алаңы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ телеарнасының кадрынан ©СТВ телеарнасының кадрынан

Алматының Орталық саябағында Street workout алаңы ашылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасы. Алаң ашуды қолға алған World Class Almaty фитнес-клубының өкілдері. 


Алматының Орталық саябағында Street workout алаңы ашылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасы. Алаң ашуды қолға алған World Class Almaty фитнес-клубының өкілдері. 

Алаңға бірінші болып келген адамдар жаттығу нысандарын тексеріп көрді.  "Mix team" командасының капитаны Валентин Лабецкий жаңа алаңның артықшылығы ашық аспан астында орналасқанын айтады. "Әуелі резеңке төселген нысандарда жаттығамыз. Ол жерде жалаңаяқ та жүруге болады. Бұл жер түрлі белтемірлермен, қырлы бөренелермен, шығыршықтармен, швед қабырғаларымен, басқа да қажетті нысандармен жабдықталған. Алаңның ашық аспан астында орналасып, көпшілікке көрініп тұратыны ыңғайлы. Көптеген адамдар аулаларында жаттығатын, енді орталық саябаққа да келуге болады. Мен бұл жерде жиі жаттығатын боламын", - дейді ол. Оның айтуынша, Қазақстанда Street workout-пен 100 мың адам шұғылданады. 

World Class клубының атқарушы директоры Уалихан Ван қалада әуесқойлар арасында көше фитнесінен бірінші чемпионат өтетінін айтты. "Біз келер жылы әуесқойлар арасында бірнеше турнир өткіземіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық қатысамын деушілерді шақырамыз. Дайындалыңыздар, мен уәде беремін, келер жылы біз воркауттерлер арасында чемпионат ұйымдастырамыз", - дейді ол.  Жарыс World Class клубының Алматыдағы Mega Center Alma-Ata сауда - ойын-сауық орталығы аумағында ең бірінші ашылған Street workout алаңында өтеді

Айта кетейік, Алматының орталық саябағында ашылған Street workout аумағы 400 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда бұл жерде жоғары білікті мамандар қызмет ететін болады. Олар Street workout алаңында шеберлік дәрістерін өткізіп, дұрыс тамақтану жөнінде кеңестер береді. Жуырда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшелерінің қиылысындағы MEGA-park ойын-сауық орталығында тағы бір алаң ашылады. Сонымен бірге, келешекте "Шахристан" және "29 Квартал" тұрғын үй кешендері аумағында да Street workout кешендерін ашу жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети