21 шілде 2014 12:56

"Астана" баскетбол клубының қарсыластары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vtb-league.com сайтынан Фото vtb-league.com сайтынан

Баскетболдан халықаралық "ВТБ бірегей лигасындағы" 2014/2015 жылдар маусымында додаға түсетін командалар екі топқа жіктеліп, біздің "Астана" "В" тобына түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz


Баскетболдан халықаралық "ВТБ бірегей лигасындағы" 2014/2015 жылдар маусымында додаға түсетін командалар екі топқа жіктеліп, біздің "Астана" "В" тобына түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz

"ВТБ бірегей лигасының" алтыншы маусымы қарсаңындағы жиын Мәскеу өзенінде жүзген "River Palace" кемесінің мейрамханасында өтті. Сол жерде жеребе тартылып, 22 клуб екі топқа тең бөлінді.

Мұнда Ресейдің азулы төрт командасы және Литваның да екі үздік клубтары екі топқа жіктелген. Жағрафиялық орналасулары бойынша ара қашықтықтары тым алшақ "Енисей" мен "Астананың" да екі топқа бөлінуі қарастырылған. Осындай басқа да "ұсақ-түйектер" ескеріле отырып, екі топ төмендегідей болып бекітілген:

"А" тобы
"Нимбург" (Чехия)
"Калев" (Эстония)
"Нептунас" (Литва)
"Дзукия" (Алитус, Литва)
ЦСКА (Мәскеу, Ресей)
"Зенит" (Санкт-Петербург, Ресей)
"Красный Октябрь" (Волгоград, Ресей)
"Локомотив-Кубань" (Краснодар, Ресей)
"Нижний Новгород" (Ресей)
"Енисей" (Красноярск, Ресей)
Wild card – ?

"В" тобы
"Астана" (Қазақстан)
"Нилан Байзонс" (Хельсинки, Финляндия)
"Летувос-Ритас" (Литва)
"Литкабелис" (Паневежис, Литва)
"Невежис" (Кедайнай, Литва)
ВЭФ (Латвия)
"Цмоки Минск" (Беларусь)
"Химки" (Мәскеу обл., Ресей)
"Уникс" (Казань, Ресей)
"Красные крылья" (Самара, Ресей)
"Автодор" (Саратов, Ресей)

Валерий Тихоненко, "Астана" баскетбол клубының Бас директоры:

Біз үшін жеребе жаман түскен жоқ деп ойлаймын. Командалардың барлығын дерлік білеміз. Бір қызығы, бұл жолы да "Локомотив-Кубань" клубымен жолымыз екі айырылды. Осы клубпен ғана әлі бір топқа түсіп көрмеппіз. Лига жағрафиясының қанат жайып, Литвадан жаңа командалар және Финляндия баскетболшылары қосылғаны қуантады. Бірден айтайын, биылғы мақсатымыз – тек плей-оффқа ілігу емес, оның бір сатысынан өту. Оған біздің команданың шама-шарқы жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети