06 қараша 2014 18:14

"Астана" баскетболшылары EuroChallenge додасын жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото bcastana.kz сайтынан Фото bcastana.kz сайтынан

Баскетболдан EuroChallenge додасына биыл алғаш рет қатысып отырған "Астана" клубы аталмыш турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Баскетболдан EuroChallenge додасына биыл алғаш рет қатысып отырған "Астана" клубы аталмыш турнирді жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еврочеллендж турниріндегі алғашқы ойынын елордада өткізіп, Румынияның "Орадеа" клубын қабылдаған астаналықтар 80:64 есебімен жеңіске жетті.

Ойын басталған бетте "Астана" баскетболшылары алға шығып, содан матч аяқталғанша жеңісті уыстарынан шығарған жоқ. Әрі бұл ойында команда сапындағы барлық ойыншылар өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтады.

Ал астаналықтар сапында команда қоржынына ең көп ұпай салған ойыншылары мыналар болды: Джейкован Браун –15, Джерри Джонсон – 13, Лукша Андрич – 12, Патрик Калатес – 11, Анатолий Колесников – 10.

Матчтан соң "Астана" клубының бас бапкері Александр Трифунович "EuroChallenge додасын жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын, бірақ ойынымыздың сапасы көңілі толмады, қонақтарға өз жерімізде емін-еркін ойнауға көп мүмкіндік беріп қойдық деп ойлаймын, мұны ескереміз, EuroChallenge аясындағы алдағы ойындарға тыңғылықты дайындаламыз", - деп өз айын бүкпесіз айтты.

Алайда, "Астана" келесі ойынын 8 қараша күні түзде, халықаралық "ВТБ бірегей лигасы" аясында "Калев" (Таллинн, Эстония) клубымен өткізеді. Ал EuroChallenge аясындағы келесі кездесуін 11 қараша күні, түзде "Тофаш" (Түркия) клубымен өтуі керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети