23 сәуір 2014 14:09

Астанада күрестен Азия чемпионаты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – Дәулет Шабанбай. Фото: confederation.kz Суретте – Дәулет Шабанбай. Фото: confederation.kz

Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Әзірше Қазақстан балуандарының аяқ алыстары жаман емес. Екі алтыннан үміттіміз, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Әзірше Қазақстан балуандарының аяқ алыстары жаман емес. Екі алтыннан үміттіміз, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Таңертеңнен бері Астана төрінде еркін күрес шеберлері күресіп жатыр. 57 келіде ел намысын қорғап жатқан Расул Қалиев тәжік Вайсидин Иботовтан басым түсті. Одан кейінгі қарсыласы, үндістандық Амит Кумар жарақатына байланысты кілемге шықпай, Расул келесі кезеңге күреспей шықты. Содан соң қырғыз Самат Надырбекұлын жеңіп, финалға шықты.

86 келідегі Аслан Кахидзе Оңтүстік Корея балуаны Гван-ук Кимнен басым түсті. Бұдан соң маңғол балуанын да жығып, ол да ақтық сынға шықты.

125 келідегі алыбымыз Дәулет Шабанбай алғашқы белдесуінде тәжік Фарход Анакуловты жеңіп, іле-шала өзбек Курбан Курбановты ұтқан болатын. Өкінішке қарай, жартылай финалда Иран балуанымен жолы түйісіп қалып, жеңіліске ұшырады. Енді қола жүлде үшін күреседі.

65 келідегі Дәурен Жұмағазиевтің де жеребесі жеңіл түспеді. Ол әуелі тәжік Зелимхан Юсуповты ұтқанымен, одан соң Иран үміті Мохаммади Сид Ахмадқа тап болып, ұтылып қалды. Бағына орай, Иран балуаны келесі қарсыластарын да ұтып, Дәурен үшінші орын үшін белдесу мүмкіндігіне ие болды. Мұндағы алғашқы белдесуінде Үндістан балуанының жауырынын кілемге тигізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Енді қола жүлде үшін күреседі.

Өкінішке қарай, бүгін боз кілемге шыққан жалғыз қызымыз Айжан Исмағұлова алғашқы белдесуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Ол әйелдер күресіндегі 58 келі салмақ дәрежесінде Үндістан аруы Дханда Пужамен белдескен болатын. Енді осы қыздың тілеуін тілеп отыр. Егер үнді қызы финалға шықса, біздің Айжан үшінші орын үшін күресу мүмкіндігіне ие болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети