30 мамыр 2017 08:51

Астанада төрешінің жағын сындырған дағыстандық файтерлер Одақтан өмір бойына шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AllFight.ru © AllFight.ru

Ресейдің ММА Одағы Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі Радмир Габдуллинді Астанада ұрып соққан файтерлер Гаджимурад пен Гамзат Хиромагомедовтерді өмір бойына Одақ жарыстарынан шеттетті. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды.


Ресейдің ММА Одағы Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі Радмир Габдуллинді Астанада ұрып соққан файтерлер Гаджимурад пен Гамзат Хиромагомедовтерді өмір бойына Одақ жарыстарынан шеттетті. Бұл туралы ұйымның сайтында жарияланды.

Ұйым жарлығын және әдеп бойынша ережелерді бұзған ағайынды спортшылар Ресейдің ММА Одағы өткізетін жарыстардан шеттетілді. 

Одақтың басшылығы екі спортшыны Ресейдің ММА құрамасынан шығаруы үшін спорт министрлігіне хат жолдаған, сондай-ақ, Гамзат Хирамагомедовты спортшы-инструктор қызметінен босату туралы өтініш жазылған.

Осыған дейін Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирі өткеннен кейін жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненконың орынбасары ауруханада жатыр. Оның жағы сынған. Ал кейін Астана полициясы Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі Радмир Габдуллинді ұрып-соққандарға айыппұл салды.

L!FE оқиғаның видеосын жариялаған еді. Онда судья жатқан қонақүйдің бөлмесіне екі ер адамның кіргені көрінеді. Олар ағайынды Гаджимурат және Гамзат Хирамагомедовтерге ұқсайды. Басылымның мәліметінше, олар қазақ файтері Георгий Кичигинмен жекпе-жектегі Габдуллиннің төрешілік шешіміне наразы болған.


Ресей ММА Одағының бірінші вице-президенті Радмир Габдуллин. © Allboxing


Гаджимурад Хирамагомедов әуесқойлар арасында ММА-дан екі мәрте әлем чемпионы болған, Ресейдің екі дүркін чемпионы және Ресей Суперкубогының иегері. © AllFight.ru


Гамзат Хирамагомедов (көк шорты) - Әскери самбодан Ресей чемпионатының қола жүлдегері, Ресейдің спорт шебері. © ToFight.ru

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети