10 сәуір 2014 12:52

"Астананың" бұрынғы менеджерінің допингке қатысы бар - Армстронг

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лэнс Армстронг. ©REUTERS Лэнс Армстронг. ©REUTERS

Танымал велошабандоз Лэнс Армстронг ант бере отырып "Астана" велокомандасының бұрынғы бас менеджері Йохан Брюнельдің өзінің допинг-тәжірибесіне қатысы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Astanafans.com Usatoday.com порталына сілетеме жасап.


Танымал велошабандоз Лэнс Армстронг ант бере отырып "Астана" велокомандасының бұрынғы бас менеджері Йохан Брюнельдің өзінің допинг-тәжірибесіне қатысы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Astanafans.com Usatoday.com порталына сілетеме жасап.

Сондай-ақ ол өзінің допинг дауына қатысы бар басқа адамдардың аттарын айтып берді. Олардың қатарында Армстронгтың бас бапкері Пепи Марти (Pepi Marti), доктор Педро Селайя (Dr. Pedro Celaya), доктор Лусия Гарсиа дель Морал (Dr. Luis Garcia del Moral) және доктор Микеле Феррари (Dr. Michele Ferrari) бар. Одан бөлек, бұл даулы оқиғаға механиктер Джулиен Де Вриезе мен Фелиппе Майре (Julien de Vriese, Philippe Maire) және массажшы Эмма О'Рэйлидің де (Emma O'Reilly) қатысы бар екені анықталып отыр. 

Еске салайық, 2012 жылға дейін Лэнс Армстронг велоспорт жарыстарының төресі болып саналатын "Тур де Франс" көпкүндігін жеті мәрте жеңген жалғыз спортшы атанып келген еді. Бірақ ол кейін спортта рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді пайдаланғаны үшін спорттан қуылып, 1998 жылдан бастап велоспортта қол жеткізген барлық атақтарынан айырылды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети