25 желтоқсан 2015 12:21

Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Мәлімдемеде Хьюстонда (АҚШ) өткен 2015 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша допинг бақылауының "А" сынамаларында спортшылардың ағзасында анаболик андроген стероидтарының табылғаны айтылады. "Халықаралық ұйымның шешімінің уақытша мәнге ие болғандығын есепке ала отырып, осы дерек бойынша мүдделі ведомстволар мен қазақстандық федерацияда ішкі тергеу өткізу жоспарланып отыр. Оның қорытындысы бойынша, "Б" сынамасын ашуға өтінім жазу және апелляция беру туралы шешім қабылдануы мүмкін. Алайда IWF тергеуі жалғасады, оның қорытындысы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының және Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының сайттарында жарияланады", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыратлеттер Алмас Өтешовтің, Жасұлан Қыдырбаевтың және Ермек Өміртайдың допинг дауына қатысты уақытша шеттетілуіне түсінік берген еді. Өз сөзінде бас бапкер допинг-сынақтарының қорытындыларына күмәнданып отырғанын айтты.

Айта кетейік, кеше Қазақстандық үш бірдей ауыратлетке допинг қолданды деген күдік келді. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қазақстандық тағы екі ауыратлет Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды допинг қолданды деген күдік туғаны үшін уақытша шеттетті. Ал Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы әрі 2015 жылғы қола жүлдегер Жасұлан Қыдырбаев допинг үшін өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін.

Еске салайық қазақстандық штангашылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай 20-29 қарашада Хьюстонда өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өтешов күміс медаль, осы салмақта Қыдырбаев қола жүлде алған болатын. Ал Ермек Өміртай медальға іліге алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети