29 қыркүйек 2014 11:31

Азия ойындары: Ескек есуден үш алтын алдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үш алтын медаль түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына үш алтын медаль түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының оныншы күні Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті басталып, қоржынымызға үш алтын жүлде түсті. Алдымен мың метрге байдарка есуден Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов Азия ойындарының чемпионы атанды. Отандастарымыз Иран және Қытай спортшыларын артқа тастады.

Кейін ағайынды Михаил және Тимофей Емельяновтар мың метрге каноэ есуден шашасына шаң жұқтырмай, қоржынымызға алтын салды.

Бес жүз метрге жекелей жарыста Наталья Сергеева Азия ойындарының күміс жүлдесін алса, мың метрге жекелей сайыста Сергей Емельяновта күміс медаль иегері атанды. Ал осы қашықтықта тағы бір қазақстандық спортшы Юрий Березинцев қола медальді місе тұтты. Сонымен қатар 500 метрге төрттік каноэмен жарысуда Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктің қатарынан көрініп, қолаға қол жеткізді.

Илья Голендов, Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучов және Александр Емельянов төрттік байдарка есуде қарсыластарын қапы қалдырып, Қазақстан құрамасының қоржынына 12-алтынды салды.  

Ескек есушілердің бұл жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орынын мығымдай түсті. Біздің құраманың еншісінде 12 алтын, 13 күміс және 22 қола медаль бар. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети