03 қазан 2014 01:04

Азия ойындарының он үшінші күні бұйырғаны – бес медаль

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эстафетада күміс алған қыздарымыз. Фотоны түсірген – Никита Басов. Эстафетада күміс алған қыздарымыз. Фотоны түсірген – Никита Басов.

 ХVІІ жазғы Азия ойындары да аяқталуға айналды. Аталмыш дүбірлі доданың он үшінші күні ел қоржынына бес жүлде ғана түсті. Алтын жоқ, екі – күміс, үш – қола, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 ХVІІ жазғы Азия ойындары да аяқталуға айналды. Аталмыш дүбірлі доданың он үшінші күні ел қоржынына бес жүлде ғана түсті. Алтын жоқ, екі – күміс, үш – қола, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Каратэден 67 келі салмақ дәрежесінде Ринат Сағындықов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда жапон жігітінен бір ұпай айырмасымен ғана ұтылды. Негізі, біз "Ринат алтын алатын шығар" деп дәмеленіп жүрген болатынбыз...

Сондай-ақ "бүгін жеңіл атлетикадан кемі бір алтын алатын шығармыз" деп үміттенгенбіз. Алайда биіктікке секіруден Марина Айтова да, үш қарғып секіруден Роман Валиев пен Евгений Эктов та сенім үдесінен шыға алмады. Марина мен Евгений төртінші орындармен шектелсе, Роман сайыстан шығып қалып, мүлде жерге қаратты...

Әйелдер арасындағы 4х100 эстафетасында Ольга Сафронованың арқасында ғана күміс медаль олжаладық. Соңғы кезеңде жүгірген Ольгаға эстафета таяқшасын Светлана Иванчукова, Виктория Зябкина, Анастасия Тулапина сынды қыздарымыз шамамен бесінші болып, әкеп берді. Ольга өзінің алдындағы үш бәсекелесін қуып жеткенімен, алысқа ұзап кеткен Қытай қызына жете алмады. Бұйырғаны екінші орын болды.

Жеңіл атлетикадан 4х400 эстафетасында қыздарымыз алтыншы орынға, ал жігіттеріміз сегізінші орынға ие болды.

Таэквондодан 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қайрат Сарымсақов жартылай финалда жеңіліске ұшырап, қола медаль еншіледі.

Регбиден әйелдер арасындағы ұлттық құрамамыз "алтын әпере ме" деп үлкен сенім артып едік, бірақ олар қола жүлдемен шектелді. Жартылай финалда Қытай қыздарынан ұтылып, үшінші орын үшін өткен матчта Гонконг аруларын ұтты.

Енді бір қоланы бокстан Қайрат Ерәлиевтің иеленгендігін жазғанбыз.

Волейболшы қыздарымыз бесінші орын үшін өткен матчта Тайпэй құрамасынан үш сетте ұтылып қалып, алтыншы орынға табан тіреді.

Қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасының қыздары төртінші орыннан аса алмады.

Сонымен, ел қоржынындағы жүлделер саны жетпістен асты: 71 медаль (20 алтын, 19 күміс, 32 қола). Ал өкшемізді басып келе жатқан Иран спортшылары бүгін үш алтын олжалап. олардың алтындарының саны 18-ге жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети