23 қыркүйек 2014 18:33

Азия ойындарының рекордын жаңартып, төртінші алтынды олжаладық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото zimbio.com сайтынан Фото zimbio.com сайтынан

ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші күні қоржынымызға төртінші алтын түсіп, жалпы командалық есепте төртінші орынға жайғастық, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


ХVІІ жазғы Азия ойындарының төртінші күні қоржынымызға төртінші алтын түсіп, жалпы командалық есепте төртінші орынға жайғастық, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Жүзу спортынан 200 метрге брасс әдісімен жарысудан Дмитрий Баландин алдына жан салмады. 19 жастағы жас талантымыз тәжірибелі бәсекелестерінен озып кетіп, Азия ойындарының рекордын да жаңартты. Жеңіс тұғырында еліміздің Әнұранын қосыла шырқап тағы қуантты.

Ал әйелдер арасындағы 50 метрге шалқалап жүзу жарысында Екатерина Руденко екінші орынға ие болып, күміс медаль олжалады. Оның алдын тек Қытай қызы Я.Фу орап кетті.

Жалпы, бүгін су спорты түрлерінен жүлденің бәрін алдық. Күндіз суда мәнерлеп жүзуші қыздарымыз командалық сында қола жүлде еншілеген болатын. Ел намысын Александра және Екатерина Немич, Дания Талғатова, Әйгерім Анарбаева, Айсұлу Наурызбаева, Әмина Ермаханова, Кристина Тыныбаева, Юлия Кемпель, Алина Маткова, Ксения Качурина сынды қыздарымыз қорғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети