04 мамыр 2014 11:50

Бейбіт Ыстыбаев "Қазақстан барысының" финалына төртінші рет қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солдан оңға қарай: Д.Жақыпов, Б.Ыстыбаев, А.Теңгебаев. ©Кazakhstanbarysy.kz Солдан оңға қарай: Д.Жақыпов, Б.Ыстыбаев, А.Теңгебаев. ©Кazakhstanbarysy.kz

"Қазақстан барысы" жобасына іріктеу турнирінің соңғы кезеңі бойынша Жамбыл облысы мен Астана қаласында топ жарған балуандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан барысы" жобасына іріктеу турнирінің соңғы кезеңі бойынша Жамбыл облысы мен Астана қаласында топ жарған балуандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы іріктеу турнирі ешбір балуанға оңай болған жоқ. Себебі, іріктеу сынына "Қазақстан барысы" турнирінің 2012 жылғы жеңімпазы, Eurasia Barysy халықаралық турнирінің чемпионы Бейбіт Ыстыбаев қатысқан болатын. Еліміздегі ең беделді балуан бұл жолы да топтан қара үзіп шықты. Жамбыл облысындағы іріктеу сынының финалында ол талантты балуан Дәулетхан Жақыповтан басым түсті. Ал былтырғы "Қазақстан барысы" додасының финалына шыққан Айдос Теңгебаев үшінші орынға ие болды.

"Іріктеу сыны расында оңай болған жоқ. Себебі, елімізде қазақ күресі қанат жайып келеді. Талантты балуандар жетерлік. Бәсекелестік бар. Алла қолдап, жеңіске жеттім. Енді Астанада өтетін финалға тыңғылықты дайындық жүргіземін", - дейді Бейбіт Ыстыбаев.

Осылайша, "Сарыарқа" велотрегінде өтетін финалдық сында Жамбыл облысы Бейбіт Ыстыбаев пен Дәулетхан Жақыповқа үміт артады. Дәулетхан былтыр да финалдық айқасқа жолдама алған. Бірақ дзюдодан ұлттық құрама сапында Бүкіләлемдік Қазан Универсиадасына дайындалу үшін финалдан бас тартқан болатын.

Астана қаласы да финалға қатысатын үздіктерін анықтады. Елордадағы тартысты айқаста "Малайсары" деген бүркеншік есіммен танымал Арман Әбеуов қарсылас шыдатпады. Арман былтырғы маусымнан сырт қалған болатын. Ал Астана намысын қорғайтын екінші балуанның есімі – Нұрғали Байтарақов. Нұрғали "Қазақстан барысы" додасының финалына тұңғыш рет қатысқалы отыр.


"Қазақстан барысы" турнирінің финалына жолдама алған балуандар туралы қысқаша ақпарат:

Арман Әбеуов, Астана қаласы
Бойы: 190 см
Салмағы: 120 келі
Туған жылы: 1982 жыл
Туған жері: Қарағанды облысы, Қаражал қаласы
Спорттық атағы: халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Бапкері: Сәден Шынтас
 

Нұрғали Байтарақов, Астана қаласы
Бойы: 184 см
Салмағы: 90 келі
Туған жылы: 1993 жыл
Туған жері: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы
Спорттық атағы: еркін күрестен спорт шебері
Бапкерлері: А.Әбдірашев, Х. Қожахмет
 

Бейбіт Ыстыбаев, Жамбыл облысы
Бойы: 193 см
Салмағы: 135 келі
Туған жылы: 1985 жыл
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көшек батыр ауылы
Спорттық атағы: қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Бапкері: Елдос Далабай
 

Дәулетхан Жақыпов, Жамбыл облысы
Салмағы: 82 келі
Туған жылы: 1992
Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы
Спорттық атағы: дзюдодан спорт шебері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети