18 желтоқсан 2016 18:54

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© neke.kz © neke.kz

Бейбіт Ыстыбаев қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық палуан бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.


Бейбіт Ыстыбаев қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық палуан бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Ардақты ағайын! Жанашыр достарым! Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай! Сүйінші!!! Шаңырағымда ұлы қуаныш ,дүниеге сəби келді! Нəрестелі болдым, қызды болдым ағайын! Өрісімді кеңейткен Аллаға сансыз мадақ!! Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Жеңістің 40 жылдығында дүниеге келіп атымды Бейбіт қойып еді, ұлы мереке тəуелсіздіктің 25 жылдығында қызым дүние есігін ашты. Жақсы ырымға балап отырмын. Ұлы мерекеде дүниеге келген балапанымның бақытын баянды ете гөр Алла!!!", - деп жазды Ыстыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, биыл Бейбіт Ыстыбаев "Қазақстан Барысы-2016" турнирінде жеңімпаз атанып, Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алған болатын.

 

Ардақты ағайын! Жанашыр достарым! Тəуелсіздігіміз мəңгілік болғай! Сүйінші!!! Шаңырағымда ұлы қуаныш ,дүниеге сəби келді! Нəрестелі болдым, қызды болдым ағайын! Өрісімді кеңейткен Аллаға сансыз мадақ!! Қуаныштан жүрегім жарылардай болып тұрмын. Жеңістің 40 жылдығында дүниеге келіп атымды Бейбіт қойып еді, ұлы мереке тəуелсіздіктің 25 жылдығында қызым дүние есігін ашты. Жақсы ырымға балап отырмын. Ұлы мерекеде дүниеге келген балапанымның бақытын баянды ете гөр Алла!!!

Фото опубликовано Ыстыбаев Бейбiт (@istybayev_beibit)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети