07 шілде 2015 10:48

Бейбіт Ыстыбаевқа Елбасының атынан төсбелгі табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бейбіт Ыстыбаевқа Елбасының атынан төсбелгі табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бейбіт Ыстыбаевқа Елбасының атынан төсбелгі табыс етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақстан Барысы" V республикалық турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевқа жоғарғы белгі - төсбелгі табыстады. 

"Астана күні аясында "Қазақстан Барысы-2015" турнирі өтіп, Мемлекет басшысы Бейбіт Ыстыбаевқа гран-при табыстағаны қандай тамаша. Елбасы Қазақстан болашаққа сенімді қадам басып келе жатқан интеллектуалды ел болуы тиіс екенін үнемі айтып келеді. Ол үшін жастар спорт пен мәдениетке көңіл бөліп, рухани бай болуы тиіс. Сонда мемлекетіміз "Мәңгілік Ел" атануға лайық болмақ", - деді министр.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаев "Қазақстан барысы-2015" турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Ол финалда қызылордалық Руслан Әбдіразақовты жеңді. Ол 150 мың АҚШ долларына ие болды. Жарыстың басты сыйлығы "Алтын тайтұяқты" жеңімпазға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети