19 тамыз 2016 09:23

Бүгінгі аңдатпа: Дычко мен Шәкімова жартылай финалда өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады.


Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады.

Бүгін жарыстың он төртінші күні жанкүйерлерімізді қызықты жарыстар күтеді. Боксшы Иван Дычко жартылай финалда (91 келіден аса салмақта) ең ауыр салмақ дәрежесінде  жекпе-жек өткізеді. Боксшы Дариға Шәкімова да ауыр салмақ дәрежесінде (75 келіге дейінгі салмақта) өнер көрсетпек. Сондай-ақ, бүгін еркін күрестен, ескек есуден, жеңіл атлетикадан, гимнастикадан және таеквондодан жарыстар өтеді.

Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Ерлер. Бір адамдық. 200 метр. Іріктеу кезеңі.
Алексей Дергунов
Басталуы сағат 18.00-де.

Таеквондо. Әйелдер 67 келіге дейін. 1\8 финал
Жансель Дениз
Басталуы сағат 18.00-де, Дениздың белдесуі сағат 21.30-да.

Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Әйелдер. Төрт адамдық. 500 метр. Іріктеу кезеңі
Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова
Басталуы сағат 18.37-де.

Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Ерлер. Төрт адамдық. 1 000 метр. Іріктеу кезеңі
Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев,Александр Емельянов
Басталуы сағат 18.51-де.

Еркін күрес. Ерлер 74 келіге дейін. Іріктеу кезеңі
Ғалымжан Үсербаев
Басталуы сағат 19.16-да. Тікелей эфир (KazSport)

Еркін күрес. Ерлер 57 келіге дейін. 1\8 финал
Нұрислам Санаев
Басталуы сағат 19.16-да. Тікелей эфир (KazSport)

Көркем гимнастика. Жеке көп сатылы жарыс. Іріктеу кезеңі
Сабина Әшірбаева
Басталуы сағат 21.00-де. Тікелей эфир сағат 23.45-тен. (KazSport)

Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Жүзу
Елена Потапенко
Басталуы сағат 21.00-де.

Жеңіл атлетика. Әйелдер. Спорттық жүріспен 20 шақырым жүру.
Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова
Басталуы сағат 23.30-да.

Бокс. Ерлер 91 келіден аса. Жартылай финал
Иван Дычко
Басталуы сағат 00.15-те. Тікелей эфир ("Хабар")

Бокс. Әйелдер 75 келіге дейін. Жартылай финал
Дариға Шәкімова
Басталуы сағат 00.30-да. Тікелей эфир ("Хабар")

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети