19 тамыз 2016 15:40

Біз Храпатыймен де, Ильинмен де мұндай жеңіске жеткен жоқ едік - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нижат Рахимов © REUTERS Нижат Рахимов © REUTERS

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Риодағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық зілтеміршілердің өнеріне қорытынды жасады. Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Алексей Ни зілтеміршілердің маңызды сәттері мен жарыстардағы ойындарға жалпы қорытынды жасады. Сонымен қатар, Алексей Ни Нижат Рахимовтың өнерін Риодағы жарыстарда естен кетпейтін сәт болғанын айтты.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Риодағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық зілтеміршілердің өнеріне қорытынды жасады. Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Алексей Ни зілтеміршілердің маңызды сәттері мен жарыстардағы ойындарға жалпы қорытынды жасады. Сонымен қатар, Алексей Ни Нижат Рахимовтың өнерін Риодағы жарыстарда естен кетпейтін сәт болғанын айтты.

"Олимпиада аяқталып қалды. Қазір барлығымыз өзімізге келіп жатырмыз. Спортшылардың көрсеткен өнерлеріне жеке-жеке тоқталайық. Нижат Рахимов - дарынды жігіт. Оның Ильиннен еш жері кем емес. Менің бас бапкер болып жұмыс істеп жүргеніме 20 жылдан асты. 15-тен аса әлем чемпионатын, алты Олимпиада ойынын, бірнеше Азия ойынын көрдім. Менің айтатыным, ешкім де әлі осындай нәтижелі жеңіске жеткен жоқ. Екінші қадамында біріншісінен 12 келіге артық көтеріп, кейін оған тағы төрт салмақ қосып өнер көрсету - бұл керемет. Біз Храпатыймен де, Ильинмен мұндай жеңіске жеткен жоқ едік".

Бір жағынан қарасақ, оның барлығы жеңіліс тапқан жарыс болды. Бірақ Рахимов алып шықты. Ол оның мінезін, ынтасын, жеңімпаз екенін білдіреді. Нижаттың жасы 23-те. Токиода өтетін жарысқа ол бар күшін жинап барады. Бұл салмақ дәрежесінде ешкімге жол бермейміз.

Барлық команданың ішінен ең дарынды деп Денис Улановты айтуға болады. Ол 94 келі салмаққа дейінгі категорияда өнер көрсету керек еді. Денис Риода алты келі салмақ түсірді. Тұғырда да әрең тұрды. Сондай-ақ, ол психологиялық тұрғыдан қатты шаршады. Әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысып жүрмегендіктен, бірден Олимпиада ойындарына қатысу оңай емес. Бұл жерде менің де кінәм бар. Мен оның көтеретін салмағын 210 келіден 215 келіге көтердім. 210 келімен шыға беру керек еді. Сонда ғана Денис медаль алар еді. Кейіннен 271 келіге ауысатын еді. Сенімділік те пайда болады. Қазір біз Улановты 94 келіге дейінгі категорияға ауыстырамыз. Мен оның жақын арада жеңіске жететініне сенімдімін. Жігіт дарынды, болашағы бар. Тек тәжірибесі болмады. Ажиотаж да әсер етті. Көбісі Денистен жоғары нәтижені күткен еді.

Александр Зайчиков өзінің қандай мүмкіндіктері бар екенін көрсетті. Әрине, егер төреші оның ауыр салмақты көтергенін есептемей қоймағанда, ол күміс алар еді. Зайчиков жақсы өнер көрсетті. Бүгінде өзбекпен алтын медальға таласу мүмкін емес болып тұр. Барлығы өзбектің деңгейі жоғары екенін көрді. Меніңше, Зайчиков жақсы өнер көрсетті. 

Қорытындылайтын болсақ, Риоға жалпы сегіз адам барды. Олардың үшеуі - ауыратлет. Олар әлем чемпиондары Александр Зайчиков пен Нижат Рахимов, сонымен қатар, әлем біріншіліктерінің екі дүркін жеңімпазы Жазира Жаппарқұл. Мұның барлығы олардың Олимпиадаға дайындықпен барғанын көрсетіп отыр. Мен бұл команданың болашағына сеніммен қараймын. Енді барлығы өздеріне байланысты. Әлі осы Олимпиаданы тамашалаған жас балалар да келеді. Бізге өз арамызда бәсекелестік болатындай етіп жасау керек. Әр салмақта 2-3 адамнан. Осы арқылы зілтеміршілерімізді шынықтырамыз. Зайчиков Лондонда өткен ойындарда 12-ші болған еді. Ал қазір үшінші болып тұр. Бұл Қазақстанның әлі де биік белестерді бағындыратынын білдіреді. Ең бастысы, үнемі жаттығу, алға ұмтылу. Болашақта үлкен жұмыстар атқарылмақ. Спортшыларға да оңай болмайды. Біз оларды ұзақ уақытқа демалысқа жібере алмаймыз. Тек қаңтарға дейін. Кейін олар медициналық тексерістен өтіп, қайта дайындық жұмыстарына кіріседі", - деп қорытындылады бас бапкер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети