23 ақпан 2015 13:20

Денис Тен әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен. ©Ярослав Радловский Денис Тен. ©Ярослав Радловский

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Жапонияның Naver Matome басылымның нұсқасы бойынша әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы рейтингтің оныншы орнына ілікті. 


Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Жапонияның Naver Matome басылымның нұсқасы бойынша әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы рейтингтің оныншы орнына ілікті. 

Әлем чемпионы, мұздағы билер жөнінен Олимпиада чемпионы, канадалық Скотт Мойр тізімнің көшін бастап тұр, ол Тесса Вертьюмен бірге өнер көрсетеді. Екінші орын түркиялық мәнерлеп сырғанаушы Ильхан Маншизге тиген. Үшінші орында - испаниялық Хавьер Фернандес.

Басылымның нұсқасы бойынша төртінші орын Болгарияның атынан әйелі Албена Денковамен бірге өнер көрсеткен спортшы-биші Максим Ставискийге берілген. Одан кейінгі орынды Ресей спортшысы Сергей Воронов иеленіп отыр. Әлемнің ең әдемі мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына чех Томаш Вернер, француз Филипп Канделоро, ұлыбританиялық Николас Баклэнд пен канадалық Эндрю Поже де енген. 

Рейтингте Денис Тен Илья Авербух, Михал Брежина, Чарли Уайт сияқты танымал мәнерлеп сырғанаушылардан озып тұр. 

Еске салайық, Денис Тен жуырда Сеулде өткен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Сайыста спортшы екі күннің қорытындысы бойынша маусымдағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Наурыздың аяғында ол Қытайда өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети