02 сәуір 2016 12:56

Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында 11-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында 11-орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Бостонда өтіп жатқан әлем чемпионатында 11-орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тен қысқа бағдарламадан кейін 78,55 балл жинап, 12-орында тұрды. Ал еркін бағдарламада 151,58 балл алған спортшы бір сатыға жоғарылады.

Бұл жарыста испаниялық мәнерлеп сырғанаушы Хавьер Фернандес (314,93 балл) жеңіске жетті. Екінші орында жапониялық Юдзуру Ханю (295,17 балл), үшінші орын қытай спортшысы Цзинь Боянға бұйырды (270,99 балл). 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бостонда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында даудың шыққаны хабарланған болатын. Жапониялық БАҚ Денис Тен мен Юдзурю Ханю жайлы жарыса жазды. Тілшілердің мәліметінше, мәнерлеп сырғанаушылар соқтығысып қалып, Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Конькишілердің халықаралық одағына Денис Тенге ескерту жасауды талап етіп, ресми шағым түсірген. Алайда Теннің бапкері оның соқпағанын айтты.

Естеріңізде болса, 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында Денис Тен өнер көрсетердің алдында музыкамен проблема болған еді, оның да спортшыға кері әсер еткені сөзсіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети