18 маусым 2014 15:56

Еркін күрестен ел біріншілігі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР күрес федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Фото ҚР күрес федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Павлодарда еркін күрестен ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлодарда еркін күрестен ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еркін күрестен Павлодарда өткен Қазақстан чемпионатында белдесу өнерінің отандық мамандары күтпеген нәтижелер тіркелді. Басқасы басқа, бірақ Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың финалда Жамбыл облысының өкілі Маңғыстаудың намысын қорғаған Азамат Өміржановтан ұтылып қалуы көпшілікті елең еткізді.

Алайда Ақжүректің бұл жеңілісінің де өзіндік себебі бар сияқты. Ақжүрек өз салмағында белдеспей (Таңатаров ресми түрде 74 келіде бақ сынайды), 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен.

Ал 86 келі салмақ дәрежесіндегі мақтаулы Аслан Кахидзені Есбол Нұржымбаев ұтып, ел чемпионы атанды. Жалпы, бірнеше салмақ дәрежесінде қызу бәсекелестік өрбіп, жеңімпаз атану оңайға түспегендей. Бұған төмендегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізіміне қарап, өздеріңіз де пайымдай аласыздар.

Еркін күрес. Ерлер. Қазақстан чемпионаты. Павлодар. 2014 жыл, маусым.

57 келі
1. Шоқан Шыңғысов (Маңғыстау обл)
2. Айдарбек Баймұратов (Атырау обл)
3. Марғұлан Жүсіпов (Қызылорда обл), Рүстем Өтенов (Алматы обл)

61 келі
1. Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)
2. Артас Сана (Ақтөбе облысы)
3. Дамир Төлеукенов (Қарағанды обл), Тимур Айтқұлов (Қостанай обл)

65 келі
1. Дәурен Жұмағазиев (Алматы обл)
2. Саятбек Оқасов (Астана)
3. Зуфикар Махаматов (Қарағанды обл), Мейіржан Әшіров (Жамбыл обл)

70 келі
1. Азамат Өміржанов (Маңғыстау обл)
2. Ақжүрек Таңатаров (Жамбыл обл)
3. Нұрлан Бекжанов (БҚО), Цотнэ Барамидзе (Қарағанды обл)

74 келі
1. Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда обл)
2. Жігер Зәкіров (Маңғыстау обл)
3. Олжас Шыңғысбаев (Маңғыстау обл), Бауыржан Ізбасар (Астана)

86 келі
1. Есбол Нұржымбаев (Маңғыстау обл)
2. Аслан Кахидзе (Алматы обл)
3. Ералы Әбдірашев, Дулат Аханов (екеуі де – Астана)

97 келі
1. Мамед Ибрагимов (Павлодар обл)
2. Әлихан Жұмаев (Алматы обл)
3. Ермұхамбет Іңкәр (Қарағанды обл), Ғани Ізбағанбетов (Ақтөбе обл)

125 келі
1. Ержан Дүйсенбеков (ОҚО)
2. Асхат Күсепов (Астана)
3. Магомед Агиев (Алматы), Леван Джаваридзе (Қостанай)

Еркін күрес. Әйелдер. Қазақстан чемпионаты. Павлодар. 2014 жыл, маусым.

48 келі
1. Зүльфия Яхъярова (Алматы)
2. Элеонора Әбутәліпова (Алматы)
3. Мәдина Бақдәулет (Алматы), Айдана Өтеғұлова (СҚО)

53 келі
1. Жұлдыз Ешімова (Астана)
2. Ирина Борисова (Қарағанды обл)
3. Ольга Дуденко, Александра Бойко (екеуі де – Павлодар обл)

55 келі
1. Айым Әбділдина (Астана)
2. Эмма Тисина (Қостанай обл)
3. Балзамгүл Құрметжанова (Ақтөбе обл), Анжелика Щелчкова (Қостанай обл)

58 келі
1. Айжан Смағұлова (Ақтөбе обл)
2. Меруерт Дыңбаева (Маңғыстау обл)
3. Айсұлу Бекалаева (Алматы), Айдана Қали (Алматы обл)

60 келі
1. Нелли Гюльназарян (Қарағанды обл)
2. Джулия Сәтімбекова (СҚО)
3. Аяулым Қасымова (Алматы обл), Юлия Хамелис (Маңғыстау обл)

63 келі
1. Екатерина Ларионова (БҚО)
2. Ольга Калинина (Маңғыстау обл)
3. Назерке Әлімбетова (ОҚО), Марина Зайцева (Қарағанды обл)

69 келі
1. Эльмира Сыздықова (Қарағанды обл)
2. Зарина Құнанғараева (Алматы)
3. Алма Сүрімбетова (Павлодар обл), Ирина Казюлина (ШҚО)

75 келі
1. Гүлмарал Еркебаева (Алматы обл)
2. Бекзат Мұстафина (Алматы)
3. Жәмиля Әубәкірова (Қарағанды обл), Альфия Шындәулетова (Астана)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети