29 қазан 2014 19:42

Ермахан Ыбырайымов кеңсе қызметкерлерінің спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермахан Ыбрайымов. ©alaman.kz Ермахан Ыбрайымов. ©alaman.kz

Бокстан олимпиадаға дайындық орталығының директоры, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов кеңсе қызметкерлерінің және ауылдағы ересек адамдардың спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бокстан олимпиадаға дайындық орталығының директоры, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов кеңсе қызметкерлерінің және ауылдағы ересек адамдардың спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өздеріңіз білесіздер, қала халқының көбі кабинетте жұмыс істейді, қозғалыс аз. Егер спортты ұйымдастырушы қызметкерлерге 0,5 мөлшерлеме төлемі бөлінетін болса, онда біз халықтың 30 пайызын спортқа тартқан болар едік", - деді Ыбырайымов Парламент Сенатында өткен Үкімет сағатында. Айта кетейік, онда бұқаралық спортты заңнамалық қамту мәселелері талқыланған болатын. 

0,5 мөлшерлеме төлемді Ыбырайымов спорт әдіскеріне бөлуді ұсынды, олар мемлекеттік кәсіпорындарда, министрліктерде жұмыс істейтін қызметкерлерді спортпен шұғылдануға шақырып, бір сөзбен айтқанда, ұйымдастыру жұмыстарын өз қолдарына алар еді.

Оның екінші ұсынысы Білім және ғылым министрлігіне қарата айтылды. Ол 0,5 мөлшерлеме қосымша төлемақы төленетін болса, ауылдарда денешынықтыру пәнінен беретін мұғалімдер тек оқушыларды ғана емес, сонымен қатар ата-аналарды да спортқа дағдыландыратынын жеткізді.

"Ауылдарда денешынықтырудан сабақ беретін мұғалімдер күндіз оқушылармен жұмыс істесе, кешкісін ата-аналар кеңесімен жұмыс істеуі керек, оларды да футболға, волейболға тартуы тиіс", - деді Олимпиада чемпионы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында. 

"Бұл жерде көп қаражат керек емес, бар болғаны 0,5 мөлшерлеме төлемақы төлесе болды, сонда Президент жолдауындағы халықтың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту тапсырмасы, 30 ғана емес, 50 пайызға орындалатын еді", - деді ол. 

Ермахан Ыбырайымов өз баяндамасында басқа мемлекеттермен салыстырып қарағанда Қазақстан халықты спортқа тарту деңгейі бойынша артта қалып келе жатқандығын жеткізді. Біздің елімізде халықтың 23,2 пайызы ғана спортпен шұғылданады. Оның айтуынша, уақыт жетпегендіктен және спорт кешендерінің ақысы тым қымбат болғандықтан, адамдар спортқа енжар қарайды екен. 

"Ал егер халықтың 30 пайызы спортпен шұғылданатын болса, онда көптеген әлеуметтік мәселелер өздігінен шешілер еді. Бұл әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденіп қойған", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети