26 шілде 2014 14:52

Геннадий Головкин мен Гилдің жекпе-жегін екі қазақстандық телеарна көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет aus-boxing.com сайтынан алынды Сурет aus-boxing.com сайтынан алынды

Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жегін екі қазақстандық телеарна көрсетеді деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты.


Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жегін екі қазақстандық телеарна көрсетеді деп хабарлайды Vesti.kz спорт сайты.

Нью-Йорктің Madison Square Garden үлкен алаңында қос кәсіби боксердің жекпе-жегі алдағы тәуліктің басты оқиғасы боп табылмақшы. Геннадий Головкин мен Дэниэл Гилдің жекпе-жек күресін «Қазақстан» ТРК және "KazSport" телеарналары тікелей эфирде трансляциялайды. Астана уақыты бойынша Головкин 27 шілденің таңында рингке шығады. Барша әлемнің назарын бұрған жекпе-жек "KazSport" телеарнасында Астана уақыты бойынша таңғы 06.30-дан бастап көрсетіледі. Таңғы сағат 8-де Головкин мен Гилдің күресі "Қазақстан" ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 26 шілдеде Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden 20-мыңдық үлкен аренасында жылдың ең үздік оқиғасы – WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемнің бұрынғы чемпионы австралиялық Дэниэл Гил арасында кездесу өтеді. Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын 11-ші рет қорғайтын болады.

Головкиннің промоутері Том Леффердің журналистерге хабарлауынша, қазақстандық пен австралиялық боксшылардың кездесуін әлемнің 100-ден астам елінде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің бірде-бір қарсыласы жекпе-жектің соңына, яғни 12 раундқа дейін шыдап көрген емес. Ол өзінің 29 жеңісінің 26-сын нокаутпен аяқтап, 16 рет қарсыласы кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 30-шы кездесу болғалы тұр

Осы жылдың 24 шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаев отандасымыз Геннадий Головкинге телеграмма жолдап, австралиялық Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жекте жеңіске жетуіне тілек білдірді. Телеграмманы Нью-Йоркте өтіп жатқан баспасөз мәслихаты барысында спортшыға қазақстандық дипломаттар жеткізіп, қолына ұсынған. "Шақыртуыңа көп-көп рахмет. Жекпе-жекте жеңіске жетуіне тілектеспін. Қазақстандықтар сенімен бірге!" делінген Президент Н.Назарбаев жолдаған телеграммада.

Геннадий Головкин Mendez Boxing залында боп, ашық түрде жаттығу жасап та үлгерді.

Алдында Нью-Йоркке келгенде боксшы Тайм-Скверде болып қайтқан. Ол арада спортшыны бір топ жанкүйерлер қарсы алған. Ол арада алдағы жекпе-жектің жарнамасын жасаушы билборд ілініп тұрған. Сондай-ақ Геннадий Головкин Бродвейдің "Рокки" мюзикіліне де қатысқан. Сахнада боксшы арнайы қапты жұдырықтап, орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде таныстырылады. "Рокки" мюзиклі Сильвестр Сталлоненің қатысуымен түсірілген атақты фильм желісімен қойылған.

Геннадий Голвкин бокс тарихында Мұхаммед Әлиден кейінгі екінші орынды алу мүмкіндігі алдында хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети