04 шілде 2014 16:46

Германия - Франция және Бразилия - Колумбия кездесулері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 4 шілде күні Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финал кездесулері басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін, 4 шілде күні Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финал кездесулері басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ширек финал кездесулердің шымылдығын Германия және Франция құрмалары ашады. Астана уақытымен 22.00-де басталатын бұл кездесуді "Қазақстан" және KazSport арналары тікелей эфирде көрсетеді. Ал сағат 02.00-де Бразилия және Колумбия құрамалары арасындағы матч басталады. Бұл ойынды тікелей эфирде "Еуразия" бірінші арнасы көрсетеді. 

Бұған дейін Қазақстанның букмекерлер мен тотализаторлар қауымдастығы ҚР ойыншыларының бәстері туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып, турнирдің басты фавориті Бразилия екенін хабарлаған болатын. Одан кейінгі орындарда Аргентина, Германия мен Франция тұр. Ал "Олимп" сайтындағы дауыс берудің нәтижесіне қарағанда, ӘЧ-2014 жеңімпазы Германия болуы мүмкін. Неміс құрамасының жеңісіне респонденттердің 35,2%-ы сеніп отыр. Одан кейінгі орындарды Нидерланды (23,6%), Бразилия (20,4%) және Аргентина (12,9%) иеленіпті.

Еске салайық, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрамаға 35 миллион доллар бұйырады. Екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети